17
маусым
2026
Балабақша туралы мәлімет
Бақша ғимараты бір қабатты. Балабақша қуаттылығы 25 орындық, балабақша 2018 жылы ашылып ,қазіргі таңда 20 баламен, 1 топ жұмыс жасайды.Топ балалардың жас ерекшеліктеріне қарай топтастырылған. Балабақша 5 күндік жұмыс жасайды, сағат 08.00-бастап 18.30 сағатқа дейін. Тәрбиеленушілер мемлекеттік тілде тәрбиеленуде. Бақшада қабылдау бөлмесі, оқу-тәрбие, ойын бөлмесі, жатын, ыдыс жуатын бөлме, асхана мен қойма бар. Материалдық-техникалық базасы стандартқа сай жабдықталған. Жылу,су, электр, жүйесі орталықтандырылған. Балабақшада өрт, дабыл қондырғылары және бейне бақылау камераларымен жабдықталған. Бақша ауласы көгалдандырылған, шырша, жеміс ағаштары егілген. Ауладағы ойын алаңы өз дәрежесінде жабдықталған.Ойын алаңы, балалар ойнайтын құралдар, көлеңкелі қоршау (беседка) орындығымен, гүл алаңқайлары және балалардың денсаулығын нығайтатын, ойын құралдарымен жабдықталған